RSS
 

 

Новости




Какой раздел лучше??


Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…


  Көпке танымал Қазақстанның Эстрада жұлдызы - Қарақат Әбілдинамен сұхбат:

- Әңгімемізді сіздің балалық шағыңызға саяхат жасаудан бастасақ. Оқушы Қарақат қандай болды?


- Мен киелі Арқа өңірінің қызымын. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Байғұл ауылында дүниеге келдім. Ата-анам Түлкібай мен Қаламқас - елге сыйлы, қазақы адамдар. Көп балалы отбасында өстім. Отбасымызда тәртіп бірінші орында тұратын. Әсіресе, әкем қаталдау кісі еді. Сол қаталдықтың арқасында жаман болған жоқпыз. Қайта үнемі алға ұмтылып, ата-анамыздың сенімін ақтауға тырыстық.
Жалпы, мен бала кезімнен өнерге өте жақын едім. Үйге қонақ келсе, міндетті түрде ән айтамын. Анамның әшекей бұйымдарын тағып, көйлектерін, тіпті аяқ киіміне дейін киіп алып, үйдегілерге кішігірім концерт беретінім есімде. Бір қызығы, жерге газет төсемесе, «концерт беруден» бас тартады екенмін.
Мектептегі Қарақат математика мен физика сынды пәндерді онша көп жақтырмайтын. Қазақ тілі мен әдебиеті, музыка пәндерін сүйіп оқитынмын. Ұстаздарым көбіне-көп «әнші қыз» деп жеңілдікпен қарап, аса көп қинамайтын еді.


- Ал студенттік кезең қалай өрбіді?


- Бұл жылдар қашан да көңілді өтеді ғой. Оның үстіне өнер жолын таңдағандарға ерекше қызық. Жатақхананың әр бөлмесінде музыканттар түрлі аспаптарда ойнап, түнге дейін у-шу басылмайды. Күнде концерт, күнде жиын дегендей. Мен Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебін үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияға емтихансыз қабылдандым. Оны да қызыл дипломмен аяқтап, аспирантураға түстім. Аспирантураны да «өте жақсы» деген бағамен тәмамдадым.


- Қыдырәлімен алғаш кездескен күніңіз есіңізде ме?


- Ең алғаш рет 1996 жылдың 1-інші желтоқсанында жерлес ағамыздың мерейтойында таныстық. Мен ол кезде он сегіз жаста едім. Бір-бірімізді ұнатып, 4 жылдай кездесіп жүрдік. Одан соң ғана шаңырақ көтереміз деп шештік. Ата-анамыздың келісімімен той жасап, барлық дәстүр-жоралғылар бойынша отау тіктік. Бұйырса, биыл қосылғанымызға он жыл толады. Екеумізді өнер табыстырды десем, артық айтпаспын.


- Қыдырәлі - елге белгілі азамат. Беймезгіл уақытта телефон шалып, мазаларыңызды алатындар көп пе?


- Шыны керек, бұрынғыдай емес, қазір құлағымыз тынышталды ғой. Екеуміз отбасын жаңа құрған жылдары телефонда маза болмайтын. Ал мереке күндері, өзге де реті келген уақытта хабарласқан қыздарға шектеу жоқ. Оған қуанбасам, ренжімеймін. Жалпы, ерлі-зайыпты адамдарда өзара сенім мықты болуы керек. Онсыз болмайды.


- Дегенмен, махаббат бар жерде қызғаныштың болуы заңды ғой…


- Қыдырды мүлдем қызғанбаймын деп айта алмаймын. Әйтпесе, сенің ол адамға деген сезіміңнің жоқтығын білдіреді. Балаларымның әкесі, өзімнің сүйіп қосылған жарым болғаннан кейін қызғанатыным рас. Бірақ мендегі қызғаныш есер емес, есті қызғаныш. Сондықтан саналы түрде қызғана білу керек. Ең бастысы жүректегі сенімге кіріп, бәрін де ақылмен шешу қажет. Сонда ғана махаббат мәңгілікке ұласады.


- Көрікті келіншексіз, әдемі әншісіз, келісті келінсіз. Сізді енді қызғанбау мүмкін емес шығар…


- (Күліп алды). Ол да жоғарыда айтқан жағдаймен бірдей ғой. Ерлі-зайыпты адамдарға отбасының шырқын кетіретін ауыр сөздер айтып, бір-бірінің көңілін қалдыруға болмайды. Барлығын таразыға салып, ақылмен өлшеп істеу керек. Жөн-жосық-сыз қызғаныш жақ-сылыққа апармайды.
Аллаға шүкір, жарым екеуміздің арамызда сенім, адами түсіністік, бір-бірімізге деген сезім бар. Біз ұсақ-түйек жайттарға ешқашан мән бермейміз.


- Қос құлыныңыз Бекболат пен Иманәлі жайында не айта аласыз?


- Жаратқанның жердегі пенделерге, яғни біздерге деген үлкен сыйы - бала деп ойлаймын. Артыңда ұрпақ қалып, оның қызығын көргенге не жетсін?! Осы ретте ұлдарымызға саналы тәрбие беруге тырысып жатырмыз. Бізді анашым, әкешім деп атайды. Үлкен ұлымыз әкесіне тартқан. Өзіне тән ойы, өмірге деген көзқарасы бар. Сурет салудан жалықпайды. Сабақты да жақсы оқиды. Ал Иманәлі болса, әзір кішкентай. Бірақ үйге келген адамды күліп қарсы алып, күліп шығарып салады. Жайдары бала болып өсіп келеді.


- Кенже ұлдарыңыздың есімін кім қойды?


- Кенжеміз қасиетті Рамазан айында туғандықтан, бұл Алланың бізге берген сыйы болар деген оймен, есімін Иманәлі деп қоюды жөн санадық. Әрі әкесінің атына үйлестіріп, «иман» сөзіне «әлі»-ні қостық. Бірақ ұлымыз дүниеге келместен бұрын жанұямызбен жақын араласатын досымыз хабарласып, оған түсінде аян берілгенін айтты. Ұлымызды «Кәрім» деп атауға кеңес берді. Сондықтан екі есімді де елеусіз қалдырмайық деп, туу туралы куәлігіне Иманәлі-Абдулкәрім деп жаздырдық. Үйде еркелетіп Имаш дейміз.
Әрбір әйел заты бар білгенін, өмірден түйгенін қызына үйретуді, қолда барын мұра етіп қалдыруды армандайтыны хақ?..
Мен де солай армандаймын. Қыз бала көрсем, жаным елжіреп тұрады. Алладан енді қыз сұраймын. Менің мына көйлектерімді (сахналық киімдерін нұсқады - А.Т.), өзге де құнды бұйымдарымды сол қызыма қалдырып кеткім келеді.


- Екі ұлыңыздың жұбайларына, яғни келіндеріңізге қалдырсаңыз қайтеді? Олар да сіз үшін қызыңыздай болмай ма?..


- (Күліп алды). Әрине, ол да дұрыс. Бірақ қыз бен келіннің жөні екі бөлек. Қанша дегенмен, ұлдарымның келіншектері туған қызымдай бола алмайды ғой… Құдай қаласа, қызым да болып қалар.


- Көрермен қауым сіздің домбырамен айтатын әндеріңізді сағынды. Соңғы кездері дәстүрлі әндерге қарағанда, эстрадалық жанрға көп көңіл бөліп жүрген секілдісіз?..


- Көбінесе эстрадалық әндерді шырқайтыным рас. Бұл - заман талабы. Бірақ домбыраны жанымнан тастамаймын. Гастрольге шыққанда міндетті түрде концертімді домбыраның сүйемелдеуімен бастаймын. Жыр-термелер мен халық әндері табиғатыма жақын. Қазақтың қара домбырасын ешқашан тасада қалдырған емеспін. Қазақы өнеріміздің бірден-бір символы, алтын тамыры іспеттес бұл аспаппен орындайтын әндерім әлі алда.


- Қазақ әншілерінің арасынан ең алғаш жетігенмен ән салып, аталмыш аспапты қайта жаңғырттыңыз. Алайда, жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын әндеріңіз әлі де аз сияқты. Көбінесе «Балапан қаз» бен «Әгугайды» ғана естіп жүр…


- Бүгінге дейін бас-аяғы жетігенмен 9 ән жаздырдық. Бірақ жұрт «Әгугайға» көп қолқа салады. Сол себепті, басқа әндерді әзірге азырақ айтып жүрмін. Соңғы кездері «Арман-ай» әнін де сұраушылар көбеюде. Басқа әндерім де әлі өз тыңдарманын табады. Оған тек уақыт керек.


- Бейнеклиптеріңізге тоқталсақ. Құпия болмаса, әнбаянға қанша қаражат жұмсайсыз?


- Қанша қаржы кететінін продюсерімнен, яғни, Қыдырдан сұрау керек. Мен ұйымдастырушылық жұмыстарға мүлдем араласпаймын. Бар міндетім - ән айту. Жалпы, мен өзге әншілерге қарағанда бақыттымын. Өйткені шығармашылық жұмыстарымды, өзге де қыруар міндеттерімді атқаруға ешқашан жүгірген емеспін. Бұл жағынан Қыдырдың еңбегі ұшан-теңіз. Мені осындай атпалдай азаматқа жолықтырғаны үшін Аллама мың да бір алғыс айтамын.


- Бұған дейін «Алтын самұрық» байқауында бас жүлдені еншіледіңіз. Одан басқа да сайыстарда топ жарып жүргеніңізді білеміз. Болашақта қандай байқауларға қатысқыңыз келеді?


- Өкінішке қарай, бізде сондай музыкалық байқаулар жоқтың қасы ғой. Егер жақсы байқаулар көп болса, міндетті тұрде қатысар едім. Жақында «Қазақстан» ұлттық арнасы «Ризамын саған» атты әнімізді «Жыл әні» деп бағалады. Мен үшін бұл өте үлкен қуаныш.


- Жуырда ғана өткен «MuzZone» байқауында «Үздік әнші қыз» аталымы бойынша үміткер ретінде сіздің де атыңыз аталды. Бірақ сізді сол сайыстан көрмегеніміз қалай?


- Иә, мен «MuzZone»-ға барған жоқпын. Өйткені сол күні «Ән мен әншіге» қатыстық. Аталмыш шараға қатысуға үлгермедім. Оған онша қатысқым да келмеді. Құлқым болмады. Неге десеңіз, ол менің ортам емес. Табиғатымнан әлдеқайда алыс. «Үздік әнші қыз» аталымында үміткер болған Мәдина Сәдуақасова да барған жоқ.


- Осы байқауда Ділназ Ахмадиева жеңімпаз атанды. Сіздің ойыңызша, Ділназдың жеңіске жеткені әділ ме?


- Ділназ - әдемі әндері бар әнші ғой. Өзінің сахналық бейнесі, стилі қалыптасқан дегендей. Менің ойымша, Ділназ қай жағынан да жеңіске әбден лайық.


- Өнер ордасы Алматыдан елордаға көштіңіз. Бұл жеке шығармашылығыңызға қалай ықпал етуде?


- Астанаға жолдасымның қызметіне байланысты қоныс аударуға тура келді. Жасыратыны жоқ, аздап болса да шығармашылығымызға әсері тиді. Алматыдағыдай күнде концерт, қайнаған тірлік жоқ. Дегенмен, Астанаға келгенімізге еш өкінбейміз. Елордамыздың өнер ордасына айналатынына сенемін. Оңтүстік астанада да, бас қалада да үйіміз бар. Сол себепті, бәріне де үлгеруге тырысып жатырмыз.


- Астанадан «Қарақат» мектеп-студиясын ашыпсыз. Жұмысыңыз қалай жүріп жатыр?


- Қазірде мектеп өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Шыны керек, енді ғана бір жүйеге түсіп келе жатқан сияқтымыз. Жақында ғана Жаңа жыл мерекесіне орай, ата-аналарға арнап концерт бердік. Өзіміз ойлағандай өте жақсы өтті. Мектептегі балалардың бір-біріне деген бауырмалдығы, достығы айқын білінді. оған қуандым.
Мектеп-студияда бүгінде 40-қа жуық бала тәрбиеленуде. Оларға он шақты ұстаз сабақ береді. Жақында өзімнің концертімде бірнеше кішкентай «Қарақаттарды» сахнаға алып шығып, бірге ән орындадық. Шәкірттерімді көрермен қауым ерекше жылы қабылдады.


- Қарақаттың мектебінде оқуға қарапайым отбасынан шыққан балалардың қолы жете ме?


- Тегін оқып жатқан 5-6 бала бар. Ал барлығын бірдей ақысыз оқытуға жағдайымыз келмейді. Өйткені, қаланың қақ төрінен 200 шаршы метр аумақты жалға алып отырмыз. Оған қоса сондағы қызметкерлердің жалақысын төлеу керек. Мемлекеттік емес, жекеменшік мекеме болғаннан кейін, басқа да шығындары толып жатыр. Сол себепті, көп балаларға қайырымдылық жасай алмаймыз.


- Шәкірттер үшін бір айлық оқу ақысы қанша?


- 30 мың теңге.


- Сіздің өнеріңізді құрметтейтін бір топ жастар жиналып, елімізде алғашқылардың бірі болып фан-клуб ашыпты?..


- Иә, 2007 жылы Ақтөбеде менің өнерімді қадірлейтін, «әнді менше сүйетін» жастар бас қосып, «Қарақат» фан-клубын құрды. Ақтөбелік «фанаттарыммен» тұрақты түрде хабарласып, реті келгенде кездесіп тұрамыз. Клубқа мүше болғандардың саны жүзден асты. Менің ойымша, фан-клуб - әншінің жүрегіне нұр сыйлайтын, шабытына шабыт қосып, шығармашылығына оңды әсер ететін ұйым.
Бұдан басқа Алматыда да тағы бір фан-клубым жұмыс істейді. Онда да бірсыпыра тыңдармандар менің шығармашылығымды дәріптеп, қазақ өнерін насихаттап жүр. Қытайдың Үрімші қаласында фан-клубымның бар екенін естідім. Бірақ олардың жұмысымен танысып көрмеппін. Қазақ әншілерінің, оның ішінде менің шын жанашырларымның көп болғаны үшін шексіз ризамын.


- Сіздің автокөліктің құлағында ойнайтыныңыздан хабардармын. Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын «темір тұлпардың» тізгінінен мүлдем бас тартуыңызға не себеп болды?


- Өзімді білікті жүргізушімін деп айта аламын. 6 жыл бойы көлік айдадым. 3 автокөлік ауыстырдым. Жалпы, жылдамдықты өте жақсы көретінмін. Жай айдап жүре алмаймын, шыдамым жетпейді (күліп). Достарым мені «Шумахер» дейтін.
Әке-шешенің ақылын, айтқанын тыңдап өскен қазақпыз ғой. Әкем қайтыс боларының алдында: «Айналайын, сол көлігіңді айдамай-ақ қойшы. Сен үшін қорқамын» деген өсиетін айтты. Сол сөзді көңіліме түйіп қалдым да, мәшине айдаудан бас тарттым. Рульге отырмағаныма біраз болды. Әйтсе де, анда-санда ауылға барғанда жазық далада жүйткіп алатыным бар.


- Өнерде жақын араласатын құрбы-құрдастарыңыз көп пе?


- Негізінен, бәрімен сәлемім түзу. Мәдина Сәдуақасовамен, Тамара Асармен жақсы араласамын. Нағыз сыйласуға тұратын жақсы қыздар. Үшеуміздің әңгімеміз жарасады. Одан басқа дәстүрлі әншілердің ішінен де дос-жарандарым жетерлік.


- Бала кездегі арманыңыз қандай еді? Сол арман-тілегіңіз орындалды ма?


- Шүкір, асқақ арманым ақиқатқа айналды деп айта аламын. Басты арманым сахнада жүру, ел танитын әнші болу еді. Ол мақсатыма жеткен секілдімін. Сәби кезімнен жылтырақ заттарға, түрлі әшекей бұйымдарға құмар едім. Ол ойым да орындалды (күліп). Бала кездегі қиялдарым жүзеге асты. Ендігі мақсатым - бұйырған бақытты бағалай білу, қолда бар алтынның қадірін түсіну, өнерімді одан сайын өрістету.


- Қарақат, сұхбатыңызға рахмет. Өнердің өрінен көріне беріңіз!


- Сізге және «Нұр Астана» газетіне де табыс тілеймін. Оқырмандарыңыз көп болып, елдің игілігіне қызмет ете беріңіздер!



Комментарии

Если Вам удалось скачать Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… или не удалось это сделать, если Вы каким либо образом использовали данные файлы и Вам есть что сказать, пожалуйста, напишите Ваше мнение по поводу Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…, чтоб скачать было стимулом для других и они так же смогли оставить об этом материале полезную для других информацию.
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
  Цитировать   Спам

Актолкын

02.07.2013 19:04
саламатсызба?мен сиздин андеринизди суйп тындайм.мен сизден отинип сурарым андериниздин минустарын беринизши.мен тойларда ан айтамын.рахмет сизге
  Цитировать   Спам

жанар

09.03.2013 12:10
қарақат сәлеметсіз бе мен сізді пір тұтамын әндеріңіз халықтың жүрегіне жол тауып, алла сіздің қолдаушы әрі қорғаушыңыз босын
  Цитировать   Спам

Серік Ерман

24.02.2013 15:10
Саламатсыз ба! Мен сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын,жубайынызбен айткан "Ханзада" атты өлеңініздің сөзін таппай қойдым!Сізде болса маған жіберіңізші!Өтініш!Сіздің әніңізді сүйіп тындаймыз!Шығармашылығыңыз алға бассын!
  Цитировать   Спам

ЖАНҚОЖА

10.12.2012 17:53
Мен сіздің өлеңдеріңізді онша көп тыңдай бермеймін бірақ қарындасым ұнатады сіздің өлеңдеріңізді
  Цитировать   Спам

Әмина

07.05.2012 10:16
Сәлеметсіз бе! Сіздің мектеп-студияңыз Астанада қай жерде? мекен-жайын жазып жіберіңізші, өтініш
  Цитировать   Спам

данагул онайбаева

09.04.2011 13:55
Сәлематсізба? Алла Тағалам сізге қыз бала нәсіп етсін!!!
  Цитировать   Спам

dinara1845

04.02.2011 13:11
Мен сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Қызымда сіз секілді әнші болғысы келеді,
  Цитировать   Спам

Ибрагим

09.01.2011 19:28
Салеметсіз бе? Қарақат апа!!! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Шығармашылығыңыз молая түссін! Қазақстанның белгілі де білікті әншісі болуыңызға тілектеспін!!!!
  Цитировать   Спам

Ибрагим

09.01.2011 19:27
Маған мына сұхбат өте ұнады.
  Цитировать   Спам

Акмарал

23.10.2010 16:00
Салеметсіз бе Қарақат?Мадина Садвакасовамен айткан "Ал құрбым атты өлеңінізді таппай қойдым!Сізде болса маған жіберіңізші!Өтініш!Сіздің әніңізді сүйіп тындаймыз!

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:*
 
  • Введите код:
Как это находиться:
Прослушать Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… скачать
текст песни Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
новый трек Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
скачать самые свежие треки и новые mp3 2010
новые песни скачать
музыку Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… скачать бесплатно
скачать mp3 Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… бесплатно
скачать бесплатно Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
новинка Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
скачать mp3 бесплатно
новые песни Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… скачать бесплатно
download Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
Смотреть клип Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… бесплатно онлайн
Новые mp3 Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын…
минусовка Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… скачать
Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… минусовка бесплатно
Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… минус
Қарақат ӘБІЛДИНА: Алладан енді қыз бала сұраймын… Instrumental қазақша әндер, жаңа қазақша әндер, жаңа қазақша mp3, қазақша әндер 2010, қазақ жұлдыздары, қазақша рэп, қазақша айтыс, тегін жүктеу, жаңа қазақша әндер скачать бесплатно, қазақ әндері, минусовкалар, минустар, ән, өлең сөздері, KazaMuza ең үлкен қазақ әндерінің сайты (портал),

Навигация...


На сайте

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


 
 


Все новости, файлы, материалы публикуемые на сайте, принадлежать их авторам, администрация сайта не несет ответственность за их использование! Скачать все, что находиться на сайте можно бесплатно с файлообменников, на которых размещены все файлы. Designed by Kursik.kz